USD
USD
USD

Еуропа коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізуде

Еуропада шектеулер жеңілдетіле бастағанымен, мұнда коронавирустың екінші толқынынан зардап шекпеу үшін жаңа шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Euronews.

Еуропа коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 маусымнан бастап Ұлыбританияға шетелден келген барлық адам екі аптаға созылатын карантинге оқшауланады. Егер келуші өз азаматы немесе шетелдік азамат болса да билік органдарына қайда аялдайтынын айтуға міндеттеледі. Жеке оқшауланудан бас тартқан адамдар 1 000 еуродан астам айыппұл төлейді. Бұл міндеттен тек медициналық қызметкерлер, тауар жеткізетін жүк көліктерінің жүргізушілері, маусымдық жұмысшылар мен мен іссапарда жүрген шенеуніктер босатылады.

Британдық билік бастапқыда карантиннің жаңа режимі Біріккен Корольдікке Франциядан келушілерге таралмайтынын мәлімдеген еді. Бірақ бұл шешімнің себебі айтылмады. Ла-Манш бұғазының қарсы жағалауында католиктердің діни мерекесіне орайластырылған ұзақ демалыс күндері өтіп жатыр. Жағажайларда бақылау күшейтілген. Францияның Дюнкерк аймағының Бре-Дюн коммунасында демалушылар шектеуді елеместен күнге қыздырынып жатыр. Генуя теңізінің жағалауында да тек суға шомылып, спортпен айналысуға рұқсат етілген. Жергілікті тұрғындардың қажетті әлеуметтік қашықтықты сақтауы үшін жағажайлар арқанмен бөлінген. Оны бұзғандарға айыппұл салынады. Португалияда Лиссабоннан 25 шақырым жердегі Капкайш қаласы жазғы маусымға дайындалуда. Жергілікті билік барлық тұрғындарды COVID-19 антиденесніің бар-жоғын тексермек. Екі айлық карантиннен кейін елде дәмхана, мейрамхана және көптеген дүкендер қайта ашылды.

Қазір оқып жатыр

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

мұрат әбен