USD
USD
USD

Еуропа елдерінде вакцинаға қатысты дау неге туындады?

  Еуропа тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе салуды бастап кетіп еді. Бірақ көп ұзамай елдің «әлемді тығырыққа тіреген індеттен құтыламыз деген қуанышы су сепкендей басылды.

Еуропа елдерінде вакцинаға қатысты дау неге туындады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өйткені вакцинаны қолы жеткендер ғана алатын тәрізді. Еуропаның бір елінде екпе салу жұмыстары өте баяу жүріп жатса, енді бірінде препарат мұқтаждардың емес, ауқаттылардың қолына түсуде. Мұның себебі неде?

Еуроодақта халыққа екпе салу 27 желтоқсанда бастаған. Алайда 10 күн өтпей жатып дау туындады. Францияда миллион тұрғынның орнына 352 адам ғана екпе алған 16 желтоқсанда Франция премьер-министрі Парламенттің төменгі палатасына халыққа вакцина салу жоспарын ұсынды. Оған сәйкес 31 желтоқсанға дейін қарттар үйінде тұратын және оларға күтім көрсететін бір миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алу керек еді. Алайда бұл жоспар орындалмады. Сөйтіп, 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы мәлімет бойынша миллион адамның орнына небәрі 352 француз екпе салдырған. Ал вакцинацияның екінші кезеңі ақпанның соңына белгіленіп отыр. Ол «қауіпті топтағы» 14 миллион адамды қамтуы тиіс. Алайда көбі бұл жоспардың да іске асарына күмәнданады. Сонда биліктің сөзі мен ісінің сай келмеуіне не себеп? Франция президенті бұған Еуроодақтың вакцинаға тапсырыс беру жүйесіндегі қиындықтар түрткі болғанын айтады. «Яғни екпенің қажетті мөлшерін ала алмай отырмыз», - дейді.

Ал Еуроодақ өкілдерінің бұл мәлімдеге қатысты айтар өз уәжі бар. Олардың түсіндіруінше, 6 өндірушімен келісімшарт жасалған. Алайда Еуроодақ аумағында әзірге солардың тек біреуін ғана қолдануға рұқсат бар. Эрик Мамер, Еуропалық комиссияның ресми өкілі: - Біз Еуроодаққа мүше елдерге коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 милилард дозасын жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойдық. Бұл одақ мемлекеттерінің тұрғындарын толық қамтуға жетеді. Яғни мәселе дозалардың санында емес, өндіріс қуатында. Ал, әзірге келісім жасасқан өндірушілердің тек біреуін ғана Еуроодақ аумағында қолдануға болады. Тиісінше, оған көп салмақ түсіп отыр. Препараттың жетпей жатқаны да сондықтан.

Халық вакцинаның қауіпсіздігіне сенбейді Сарапшылар «Францияда вакцина салу жұмыстарының баяу жүруі тек Еуроодақтағы бюрократия себеп» деуге келмейтінін айтады. Өйткені мәселен, одаққа мүше Германияда 200 мың адамға, ал Италияда 80 мың тұрғынға екпе салынған. Вакцинациялаудың баяу жүріп жатуының тағы бір себебі – халықтың сенімсіздігі болуы мүмкін. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, былтыр жазда қатысушылардың 64%-і екпе салдырамыз десе, жыл соңында тек 40%-і ғана оған дайын екенін жеткізген. Өйткені көбі препараттың қауіпсіздігіне сенбейді, яғни жағымсыз әсерлерінен қорқады.
 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.