USD
USD
USD

Еуропа елдерінде шектеу қатаңдатылды

Еуропа елдерінде коронавирус індетінің өршуіне байланысты карантин шектеулері қатаңдатылды.

Еуропа елдерінде шектеу қатаңдатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еуропада індеттің күшеюіне байланысты шектеулер қатаңдатылып жатыр. Оған кәрі құрлықта вирусты жұқтырғандар санының артуы себеп. Мысалы, Нидерланд билігі карантинді сәуірдің 20-сына дейін созды. Мамырдың 15-іне дейін тұрғындардың себепсіз шетелге шығуына тыйым салынды. Себебі елде соңғы аптада науқастардың саны 16 процентке өскен.

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы:

– Елде індеттің қайта күшеюіне байланысты қазіргі шектеу шаралары әлі де сақталады. Себебі науқастар саны қайта көбейіп жатқанда олардан бас тартудың салдары ауыр болуы мүмкін. Мен қоғамда бұл біраз наразылық туғызып жатқанын түсінемін. Бірақ біз індетті жеңу үшін шыдамдылық танытуымыз керек.

Норвегияда да індетке байланысты шектеулер қатаңдатылды. Енді шетелден оралған кез келген азамат арнайы қонақ үйде 10 күн бойы оқшауда болуы тиіс. Ал үйге екі қонақтан артық шақыруға болмайды. Жалпы Норвегия үкіметі бұған дейін карантинді жеңілдету жоспарын наурыз айының соңына дейін жариялатынын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті