Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еуропа елдері карантин шараларын күшейтті

31 желтоқсаннан бастап Парижде, Лионда, Дижонда және Францияның басқа да қалаларында маска тағып жүру қажет.

Еуропа елдері карантин шараларын күшейтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жаңа омикрон штамының таралуына қарсы үкімет енгізген жаңа шектеулердің бірі, деп хабарлайды  euronews. Соңғы екі күнде Францияда ауру жұқтырғандар саны бір тәулікте 200 мың адамнан асады. Англия ауруханаларында мереке кезінде аурудың өршу ықтималы жоғары болатындықтан, уақытша бөлімдер ашылып жатыр. Ұлыбританияда COVID-19 анықтайтын тесттер жетіспеуде. Соңғы тәуліктерде онда 189 мың адамның ауруға шалдыққаны тіркелді. Мұндай жағдай Италияда да байқалуда.

Бейсенбі күні онда 127 мың COVID-19 жаңа жағдайы расталды. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 30%-ға жоғары. Жаңа жылды тойлау тек қана қуаныш емес, аурудың жаңа толқынын да әкелуі мүмкін. Германияда көптеген жаңа жылдық шаралар тоқтатылды, ауырғандар саны 42 мыңға жеткендіктен отшашу сатуға тыйым салынды. Испанияда, сонымен қатар, COVID-19 ауруының өсуіне байланысты жүздеген адам жаңа шектеулерге наразылық білдіру үшін Барселона көшелеріне шықты. Каталонияда коменданттық сағат орнатылды және барлық жаңа жылдық шаралар тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел