USD
USD
USD

Еуропа елдері қалың қар құрсауында қалды

Германияның оңтүстік-батыс өңірі қалың қар құрсауында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропа елдері қалың қар құрсауында қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғаттың тосын мінезінен 72 жастағы әйел қаза тапты. Кейбір аудандарда ақ ұлпаның бір айлық мөлшері жауған. Қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді. Салдарынан тас жолдар жабылып, көлік қатынасы тежелді. Құтқарушылар бірнеше күн бойы арнайы техниканың көмегімен жолдарды тазалаумен әлек болды. Франция астанасы Парижде де биылғы жылдың алғашқы қары жауды. Жергілікті жұрт бұған дән риза. Алайда тұрғындар коменданттық сағаттың кесірінен сыртта серуендеп, аққала жасап, қыстың қызығын көруден қапы қалдық деп шағымданады. Францияның барлық аумағында коменданттық сағат кешкі сағат 18:00-ден басталып, таңғы 06:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында халық себепсіз сыртқа шыға алмайды.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков