USD
USD
USD

Еуропа чемпионаты: Испания мен Италия жартылай финалға шықты

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты жартылай финалына жолдама алған қос құрама анықталды. Еуропа чемпионатының жартылай финалында Испания мен Италия кездеседі. 

Еуропа чемпионаты: Испания мен Италия жартылай финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алғашқысында Швейцария мен Испания шеберлік байқасты. Екі құрама бұған дейін 24 мәрте кездесті. Оның 18-де Испания басым түсіп, 1-де Швейцария жеңсе, қалғанында тең есеп тіркелді.

2010 жылдың 16 маусымында әлем чемпионаты финалдық сатысында Швейцария аталған қарсыласынан 1:0 есебімен жеңілген болатын. Бүгінгі ойында швейцариялық футболшылар жеңіске жету жолын іздеді.

Кездесудің бастапқы кезеңінде испаниялық құрама белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде 8-минутта олардың тепкен добы швейцариялық Денис Закарияға тиіп, бағытын өзгертті. Осылайша олар өздерінің қақпасына автогол соғып алды. Екінші кезеңнің 68-минутында швейцариялық Шердан Шакири таразы басын теңестіріп кетті.

Бұдан кейін олардың қатарынан Ремо Фройлер қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Швейцария бұдан кейін қорғанысқа кеткен жоқ. Қолайлы сәттерде алға қарай ұмтылды. Ойынның негізгі кезеңінде 1:1 есебі тіркелді. Кездесу овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти сериясында испаниялық футболшылардың жолы болып, жартылай финалға шықты.

Екі құрама бұған дейін 22 мәрте кездесті. Оның 4-де Бельгия басым түсіп, 14-де Италия жеңсе, қалғанында тең есеп тіркелді. Соңғы рет Бельгия Италияны 2015 жылдың 13 қарашасында жолдастық кездесуде 3:1 есебімен жеңген болатын. Бельгия құрамасы аталған қарсыласына кеткен есесін бүгін қайтаруға тырысқан еді.

Дегенмен оған италиялық футболшылар мүмкіндік берген жоқ. Ойын басынан италиялықтар белсенділік танытты. Нәтижесінде 31-минутта Николо Барелла оларды алға шығарды. Ал 44-минутта Лоренцо Инсинье есепті үстемелей түсті. Бірінші кезеңнің соңына таман 45-минутта Италия қақпасына белгіленген пенальтиді бельгиялық Ромелу Лукаку мүлт жіберген жоқ.

Кездесуде Италия қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алдағы қарсыласы – Испаниямен 6 шілдеде кездеседі.

Жарыстың аталған сатысында 3 шілдеде Чехия мен Дания, Украина мен Англия құрамалары кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай