USD
USD
USD

Еуроодақ Украинамен ынтымақтастық қорын құрады

Еуропалық Одақтың мемлекет және үкімет басшылары Ресейдің әскери операциясы аяқталғаннан кейін елді қалпына келтіруді қаржыландыру үшін Украинамен ынтымақтастықтың сенімді қорын құруға келісті. Бұл туралы Брюссельде Еуроодақ саммитінің бірінші күнгі мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Еуроодақ Украинамен ынтымақтастық қорын құрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ресей әскерінің Украинаға келтірген қиратулар мен ауқымды шығындарын ескере отырып, ЕО Украина үкіметіне оның шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру және Ресейдің шабуылы аяқталғаннан кейін демократиялық Украинаны қалпына келтіру үшін қолдау көрсетуге дайын. Осы мақсатта Еуропалық кеңес Украинамен ынтымақтастық қорын құруға келісіп, оған халықаралық серіктестерін қатысуға шақырады, сондай-ақ дайындықты кешіктірмей бастауға үндеп отыр», - делінген мәлімдемеде.

Саммитке қатысушылар сонымен қатар Киевке Ливия мен Сирияға көмек көрсету үшін өткізілген тұрақты конференциялар сияқты халықаралық донорлар конференциясын өткізуге уәде берді.

Құжатта Еуропалық Одақтың Украинаға саяси, қаржылық, материалдық және гуманитарлық қолдау көрсетуді жалғастыратыны баса айтылған.

Еуроодақ елдерінің көшбасшылары сондай-ақ Ресей мен Беларуське қарсы жаңа қатаң санкциялар енгізуге дайын екенін мәлм етті. «Санкциялардан айналып өту немесе Ресейге басқа да жолмен көмектесу әрекетіне жол берілмеуі тиіс», - деді олар.

Сонымен қатар, Еуроодақ елдерінің басшылары Украинаны газ және электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан