USD
USD
USD

Еуроодақ шекарасын бір айға жапты 

Еуроодақтың бейнеконференция режімінде өткен саммиті кезінде жаңа типтегі коронавирустың таралуына қарсы күрес жүргізу мақсатында одақтың сыртқы шекарасын 30 күнге жабу шешімі мақұлданды, деп хабарлайды Euronews. 

Еуроодақ шекарасын бір айға жапты 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әлемде коронавирустың таралуын тоқтату үшін, біз Еурокомиссия ұсынысы негізінде сыртқы шекараларымызды бекітіп, ЕО-ға барлық шұғыл сапардан басқасын 30 күндік мерзімге уақытша шектеу туралы шешім қабылдадық», - деді Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель.

«Ішкі шекаралар мен кептелістер бүгінде басты мәселенің бірі. Оны шешу өте қажет еді. Еуропалық одақ ішінде көп адам қалып қойған, тауар жеткізетін жүк көліктері кептелісте тұр, бірақ тауарлар еркін тасымалдануы тиіс, олар ішкі нарықтың жұмысы үшін қажет», - деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен. Осылайша, саммитте жүк көліктері үшін «жасыл дәліз» құру туралы шешім қабылданды. ЕО коронавирусқа қарсы вакцинаның күзге қарай дайын болатынына сеніп отыр. Бұл туралы Урсула фон дер Ляйен мәлім етті. Оның айтуынша, вакцинаны ЕО-ан 80 миллион еуро алатын инновациялық зерттеу компаниясы әзірлейді.

 

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков