USD
USD
USD

Еуроодақ коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны мақұлдады

Бүгін Еуропаның Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі (ЕМА) AstraZeneca фармакологиялық компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануға кеңес берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Еуроодақ коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. AstraZenecа – бұл енді Еуроодақта қолдануға рұқсат етілген үшінші вакцина («Pfizer/BioNTech» және «Moderna» вакциналарынан кейін). Еуропаның Дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі әзірге 55 жастан асқан адамдар тобы үшін қорғаныс деңгейін анықтайтын зерттеу қорытындылары жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Алайда, «басқа вакциналар туралы білгеніміз бен сынаудың ағымдағы қорытындыларына негізделіп, осы мақсатты топтан да қорғаныс күтіп отырмыз» - делінген ЕО өкілетті органының мәлімдемесінде. «Оның қауіпсіз екені туралы расталған ақпарат бар. Біздің мамандарымыз вакцинаны қарт адамдарға да егуге болады деп санайды. Қосымша ақпарат жасы одан да үлкен адамдардың қатысуымен өтетін ағымдағы зерттеулер барысында келеді», - деп хабарлады ЕМА өкілі. «Үшінші оң қорытындыны ала отырып, біз ЕО-ға мүше мемлекеттер үшін қолжетімді вакциналар арсеналын одан да көп кеңейттік», - деді ЕМА-ның атқарушы директоры Эмер Кук. AstraZeneca вакцинасы адам ағзасына 4-тен 12 аптаға дейінгі уақытша кезеңде екі инъекциямен енгізіледі. Бұл медициналық препарат Ұлыбританияда қолданылып жүр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза