USD
USD
USD

ЕуроОдақ елдері коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуды мақұлдады

Г

 ЕуроОдақ елдері коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуды мақұлдады
Фото: NEGE.kz

ермания, Франция, Италия және Нидерланды коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде 300 млн данасын сатып алу туралы алғашқы келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Германияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE.ЕуроОдақ елдерінің құзырлы органдары вакцина ең кемі биылғы жылдың аяғында дайын болады деп топшылауда.

Еуропа Одағы Оксфорд университетінде әзірленген, қазір сынақтан өтіп жатқан  AZD1222 вакцинасын сатып алуды жоспарлауда. Вакцинаны әзірлеумен айналысатын AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы вакцина жеткізу туралы Ұлыбритания және АҚШ елдерінің үкіметімен де келісімге келген.

Бұған дейін АҚШ-та сынақтан өтіп жатқан үш вакцинаның біреуінің алғашқы сынақ нәтижесі жарияланған еді. Moderna компаниясының ғалымдары тышқандарға жасалған тәжірибенің алғашқы нәтижесінде жаңа вакцинаның бір мөлшерлемесінің өзі вирустың ауыр дертке айналуын тежейтінін және коронавирустан қорғауға қауқарлы екенін байқағандарын мәлімдеді. Дегенмен мамандар бөрікті аспанға атуға әлі ерте екенін мойындайды. Себебі бұл препараттың адам ағзасына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс