Еуроодақ Беларуське санкция енгізуі мүмкін
Украиналық «НВ» басылымының ақпарынша, Минскіде көшелерді шеруге шыққандардан тазалау басталды, ұсталғандар мен зардап шеккендер бар.
Алматы, NEGE. Қауіпсіздік күші қарсылыққа шыққандарға қарсы жарықтық және дыбыстық гранаталар қолданып, аулаларды тексеруде. Ұсталғандардың жалпы саны шамамен 5 мың, 200 адам ауруханаға жеткізілген.
Бұл ретте күш құрылымдары журналистерді де ұстауда, соның ішінде шетелдік, сөйтіп түсірген материалдарынт артып алуда. Елде үшінші күн мобильді интернет жұмыс жасамайды. Цензор.net ақпарынша, Литва президенті Беларусьтегі жағдайды тұрақтандыру шараларын және ықпал ету тетігін талқылау үшін Еуропа Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізуге шақырды. Tut.by хабарлағандай, ЕО Беларусь саяси басшылығын ары қарай қиындықтан қашу үшін қоғаммен шынайы және жан-жақты диалог бастауға шақырды. «Одақ демократиялық, тәуелсіз, егеменді, гүлденген және тұрақты Беларусьны қолдауды жалғастырады», - делінген хабарда.
Euronews хабарлағандай, ЕО қазіргі таңда Беларуське қарсы санкция енгізу мүмкіндігін қарап жатса керек. Еске салсақ, Беларусьтегі президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко экзит-полдың ақпарынша сайлаушылардың 80%-ның дауысына ие болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев беларустық әріптесін мемлекет басшысы болып қайта сайлануымен құттықтады. Минскіде және Беларусьтің басқа да қалаларында жаппай қарсылықтар жүріп жатыр. Бұл ретте Telegram мессенджері Беларусьте цензураға қарсы құралын қосты, деді сервистің негізін қалаушы Павел Дуров.