USD
USD
USD

Еуроодақ Ауғанстанға жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 1 млн еуро бөледі

Еуропалық Комиссия Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 1 млн еуро бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Еуроодақ Ауғанстанға жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 1 млн еуро бөледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қаражат зілзаладан зардап шеккендерге бағытталады.

"ЕО қызметкерлері әлі де апаттан келген шығынды анықтап жатыр. 1 мыңнан астам ауғандық қаза тауып, мыңдағаны жарақат алды. Апат аймағында тұратын 270 мың адам шұғыл көмекке мұқтаж. Осы орайда ЕО көмек ретінде 1 миллион еуро бөлуді ұйғарды. Еуроодақ жәрдемдесуге дайын", – деді дағдарыс жөніндегі комиссар Янез Ленарчич. 

Бөлінген қаржы медициналық көмек, сумен жабдықтау, санитарлық-гигиеналық қызметтер, тұрғын үй сияқты қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. 

Еске сала кетсек, жақында Ауғанстанның Пактика, Хост, Лагман, Газни, Логар және Кабул провинцияларында 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес