USD
USD
USD

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға аттандыруы мүмкін

Еуропарламент 17 маусымда Еуроодақтан баспана сұрау өтініші қабылданбаған, бірақ отандары оларды қабылдаудан бас тартқандықтан, еліне қайтару мүмкін болмай отырған заңсыз мигранттарды үшінші елдерге депортациялаудың жаңа тәртібін мақұлдады.

Мигранттар
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Жаңа регламентте мигранттарды ЕО аумағынан тыс жерлерде ұстау орталықтарын құру және заңсыз мигранттарға қатысты санкцияларды күшейту қарастырылған, деп жазады Deutsche Welle.

Құжатқа сәйкес, мұндай адамдарды үшінші елдерде орналастыратын арнайы орталықтарға жіберу көзделген. Әзірге мұндай «қайтару хабтарының» нақты қай жерде құрылатыны белгісіз. Ықтимал нұсқалардың қатарында Африка елдері, Қазақстан және Өзбекстан аталған.

Әзірге мұндай орталықтарды өз аумағында орналастыруға нақты қай елдер келісім беретіні белгісіз. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан билігі бұл жобаға қатысты  ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Өз кезегінде Еуроодақтан серіктес елдерге даму бағдарламаларына қолдау көрсету немесе визалық режимді жеңілдету сияқты ұсыныстар жасалуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам