USD
USD
USD

Еурокомиссия басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

  Биыл Қазақстанға Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен жұмыс сапарымен келеді.

Еурокомиссия басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұны Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр қарашада Еуропалық одақтың (ЕО) бастамасымен Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның жетекшісі Урсула фон дер Ляйен шикізат материалдарын жеткізуді әртараптандыру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл қаржылық және технологиялық салада ЕО-ның өнеркәсіптік альянсымен ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді», – деді Роман Василенко.

Мұнымен қоса спикер биыл елімізге Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен келетінін мәлім етті.

«Биыл біз Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл сапардың Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толуына тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар», – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID