USD
USD
USD

EURO-2025: Қазақстан жастар құрамасы Нидерландқа есе жіберді

Футболдан еліміздің 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Нидерландқа жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футбол
Фото: ҚФФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық жастар бірінші топта сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Нидерланд, Украина және Словения құрамалары.

Бүгінгі кездесуде нидерландтық футболшылар Қазақстан қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Салдарынан біздің жастар қарсыласына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді олардың алдағы ойыны 19 қарашада сағат 23:00-де Словенияға құрамасына қарсы өтеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық жастар Украинаны 2:1 есебімен жеңген еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын FIFA 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының кубогын таныстырды.

Кубок 5 желтоқсанда Майамиде өтетін турнирдің жеребе тарту рәсімі кезінде көпшілікке көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға