USD
USD
USD

Еуразиялық экономикалық комиссия салықтан босату мерзімін ұзартты

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі коронавирустың таралуының алдын алу үшін қолданылатын тауарларды салықтан босату мерзімін ұзарту жөніне шешім қабылдады.

Еуразиялық экономикалық комиссия салықтан босату мерзімін ұзартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңілдікті тарифтер 2022 жылдың 30 маусымынан бастап іске қосылады. Нақты айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ аумағына дәрі-дәрмек пен дезинфекциялау құралдарын дайындауға арналған кейбір компоненттерді, медициналық препартаттар мен респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, рәзіңке қолғаптар, медициналық құралдар мен аппаратураларды, сондай-ақ бокстар мен пациенттерді тасымалдауға арналған зембілдерді бұрынғыдай салықсыз кіргізе беруге болады.

«Қазіргі таңда әлемдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз, сондықтан Одаққа мүше мемлекеттер COVID -19 вирусының одан әрі тарауына дайын болуы керек. Сондай-ақ жағдай қалай қарай өзгерсе де оған лайықты жауап бере алатындай жағдай қалыптастыру керек», – деді ЕЭО Сауда министрі Андрей Слепнев.

Шешім ресми түрде жарияланған күннен кейін 10 күн ішінде күшіне енеді және 2021 жылдың 1 сәуірінен басталған құқықтық қатынастарға ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy