USD
USD
USD

Еуразиялық даму банкі 2022 жылы қазақстандық жобаларға инвестициялар көлемін ұлғайтты

ҚР Премьер-Министрі, Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің төрағасы Әлихан Смайылов қаржы ұйымының басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қыметі.

 Еуразиялық даму банкі 2022 жылы қазақстандық жобаларға инвестициялар көлемін ұлғайтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылғы ЕАДБ жұмысының алдын ала қорытындылары және келесі жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Биыл Банк республикадағы жобаларға салынған инвестицияларды $1,2 млрд-қа дейін ұлғайтты, бұл өткен жылдың жоспардағы индикаторлары мен көрсеткіштерінен асып түсті.

2023 жылы ел экономикасының басым салаларына тағы $1,1 млрд бағыттау жоспарланып отыр. Әлихан Смайылов кооперациялық жобалар санын арттырудың маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде Николай Подгузов 2026 жылға дейін Қазақстанда жобаларды іске асыруға кемінде $3,8 млрд көзделгенін хабарлады.

«Келер жылы қаржыландыру кезінде логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, су ресурстарымен, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған жобаларға басымдық беріледі», — деді ЕАДБ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.