USD
USD
USD

Еуразиялық банк сатылмайтын болды

"Еуразиялық банк" АҚ ресми түрде өзінің Kassa Nova банкіне сатылатыны туралы қауесеттің шындыққа жанаспайтыны туралы хабарлады.

Еуразиялық банк сатылмайтын болды
Фото: NEGE.kz

"Соңғы аптада анонимдік telegram-арналарда Еуразиялық банкті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бірнеше банктерінің сатылуға дайындығы туралы сыбыстар тарады.

Еуразиялық банк банктің сатылуы туралы ақпараттың шынайылыққа сәйкес келмейтінін және банктің жұмысының, банктік жүйе мен Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығын әлсіретуге бағытталғанын ресми түрде мәлімдейді. Біз өзіміздің клиенттеріміз бен серіктестеріміздің тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін өтінеміз.

Банк активтерінің мөлшерлері бойынша ірі қазақстандық банктердің ондығына сеніммен кіреді. Сәуір айында акционерлер банкке 4 миллиард теңге қор құйды. Өтімділік пен қордың жеткілікті көлемін иелене отырып, банк ТЖ режимінен шыққаннан кейін банктік операциялардың барлық түрлерін қалпына келтірді және клиенттерді қаржыландыру көлемін ұлғайтуда" - делінген хабарламада.

Бұған дейін ресейдің Банкста телеграм-арнасы Еуразиялық топтың мүшелері - Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимов - «Еуразиялық банк» АҚ-дан құтылуға шешім қабылдады деп жазған еді. Олардың мәліметі бойынша, банк «коронавирустық дағдарыс» кезінде наурызда 1,2 млрд теңге, ал сәуірде 79,7 миллион теңге шығын көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев