USD
USD
USD

Еуразиялық қаржы компаниясы айналасындағы дауға Муниса Шодиева араласты

Еуразиялық банк пен «Еуразия» сақтандыру компаниясы кіретін Еуразиялық қаржы компаниясы айналасындағы жанжал өрши түсті. 

Еуразиялық қаржы компаниясы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Компания сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, үш отбасы – Ибрагимовтар, Машкевичтер және Шодиевтердің әрқайсысы 33% акцияға иелік етеді.

Алматының экономикалық соты ЕҚК директорлар кеңесінің мүшесі, Патох Шодиевтің қызы Муниса Шодиеваның талап-арызын өндіріске қабылдады. Ол директорлар кеңесінің екі мүшесі Шухрат Ибрагимов пен Андрей Коповтың әрекетіне наразылығын білдіріп, олардың шешімдерін заңсыз деп тануды және күшін жоюды талап еткен.

Муниса Шодиева
Муниса Шодиева, Фото: ғаламтордан

Сонымен қатар, ЕҚК-ның өзі де Ибрагимов пен Коповқа қарсы осындай талаптармен қарсы талап-арыз берген.

Bloomberg агенттігінің дерегінше, Eurasian Resources Group артында тұрған үш отбасы қаржы секторындағы активтерін сату мәселесінде келісе алмаған. Белгілі болғандай, Freedom Holding Corp. бұл активтерді 1 млрд долларға сатып алуды ұсынған. Алайда Шухрат Ибрагимов бұл мәмілеге қарсы шығып, оны тоқтату үшін Алматы сотына талап-арыз берген.

Қазір оқып жатыр

Бірқатар өңір жылыту маусымына әлі толық дайын емес

ауа

Қазақстанда қысқа дайындық: жылу желілерінің 65%-ы жөнделді

Жылу

ШҚО-да темір кенін заңсыз өндіріп, 1 млрд теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

заңсыз кен өндіру

Kaspi.kz арқылы енді жүктілікке және босануға байланысты төлемдерді рәсімдеуге болады

Kaspi.kz