USD
USD
USD

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

«Еуразиялық қаржы компаниясы» 2023 жылдың қорытындысы бойынша акционерлеріне 28,4 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Бұл шешімді акционерлер 2026 жылғы 30 сәуірде қабылдаған.

.
Фото: Nege.kz

Астана, NEGE. Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемі 28 634,09 теңгені құрайды. Төлемдер кезең-кезеңімен, қолма-қол ақшасыз түрде акционерлердің банктік шоттарына аударылады. Дивидендтер 2026 жылғы 24 сәуір мен 23 шілде аралығында төленеді.

Еуразиялық қаржы компаниясы құрамына Еуразиялық банк, «Еуразиялық капитал» және «Еуразия» сақтандыру компаниясы кіреді.

Айта кетейік, сәуір айында Александр Машкевичтің жұбайы Лариса және олардың қыздары Алла мен Анна Еуразиялық қаржы компаниясы акционерлерінің қатарына қосылды. Енді олардың әрқайсысы 11,1% үлеске ие.

Компания жариялаған ақпаратқа сәйкес, оның басқа да ірі акционерлерінің қатарына Патох Шодиев – 33%, Шухрат Ибрагимов – 30% және Мукадасхан Ибрагимова –  3% кіреді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

жер сілкінісі

Қазақстанда электр самокаттарының тротуарлармен жүруіне тыйым салынады

Электр самокаттар

Ресей Қазақстаннан бензин жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуде

бекет