USD
USD
USD

«Еуразия» бірінші арнасына – 25 жыл!

«Еуразия» бірінші арнасы – Қазақстанның медиа нарығында қалың көрерменге жол тартқанына 25 жыл.

«Еуразия» бірінші арнасына – 25 жыл!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Еуразия» бірінші арнасы 1997 жылы құрылды. Көп ұзамай телеарна аудиторияның ең сүйікті арналарының біріне айналып, көп жылдар бойы жалпы республикалық рейтингте бірінші орынды тұрақты иемденіп келеді.


Телеарнаның ақпараттық-сараптамалық эфирінде «Басты жаңалықтар» және «Главные новости» флагмандық бағдарламалары ұсынылған.

«Еуразия» бірінші арнасы өзінің мәртебесін ақтай отырып, елімізде бірінші болып трансформер-студиялар мен жүргізушілер тікелей эфирде өзара әрекеттесетін инновациялық графиканы пайдалана отырып, тікелей эфирде ақпараттық шоу форматын енгізді.

Телеарнаның «Қайырлы таң, Қазақстан!» және «Доброе утро, Казахстан!» сияқты таңғы бағдарламалары  тек тікелей эфирде көрсетіледі.

Демалыс күндерін қызықты етуге телеарнада бірегей форматтағы – «Добрый вечер, Казахстан!» апталық ойын-сауық жобасы жауап береді. Әзілдер, әндер, билер және шексіз шаттық сізге өмірді ұзартатын жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Эфирдің көп бөлігін әлеуметтік бағыттағы жобалар да толтырады. Олардың ішінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Пендеміз ғой», «Біздің ел» және т. б. телевизиялық өнімдерін атап өтуге болады. Ал қазір бұл бағытты «QosLike», «Koremiz» ток-шоуы, «Qаймақ» бағдарламалары ойдағыдай жалғастырып келеді.  

«Еуразия» бірінші арнасы миллиондаған көрермендер үшін сапа эталоны болып қала береді.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев