USD
USD
USD

ЭЦҚ кілтін флешкамен алып жүрудің қажеті болмайды

Қазақстанда осы жылдың соңына дейін бұлтты электронды цифрлық қолтаңбаны енгізу жоспарланып отыр.

ЭЦҚ кілтін флешкамен алып жүрудің қажеті болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоба eGov платформасында іске асады. Бұл туралы онлайн брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, жаңа қызмет ЭЦҚ алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге және оны жоғалтпауға мүмкіндік береді. Жалпы ЭЦҚ алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ең жиі сұралатын қызметтердің бірі. Былтырдың өзінде 5 миллионға жуық қазақстандық электронды цифрлық қолтаңба алуға өтініш берген. Бұл қызметке сұраныс барлық өтініштердің 30 процентін құрайды. 

- Өткен жылдың күзінен бастап mGov мобильді қосымшасында биометриялық деректер арқылы авторизация мен тіркеуді іске қостық. Бұлтты ЭЦҚ осы биометриялық деректер бойынша болады. Жүйенің өзі файлдық болмайды. ЭЦҚ қашықтағы серверлерде сақталады және биометриялық сәйкестендіру арқылы алынады, - деді Сүйеніш Әбділдин. 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат