USD
USD
USD

Этноауылда «Биебау» этно-танымдық шара өтті

«Shymqala» этноауылында «Биебау» этно-танымдық шара онлайн форматта өтті.

Этноауылда «Биебау» этно-танымдық шара өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған шарада қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығы насихатталып, әрі ұмытылуға айналған ұлттық мерекені жарыққа шығару жолдары көрсетіліп, жас ұрпаққа салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасы кеңінен таныстырылды.

Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен іс-шара аясында биені сауудағы атқарылатын ғұрыптар, қымыз дайындау процесі көрсетілді. «Үкілі» әжелер мен орталық қызметкерлері «Биебау» дәстүрінен көріністер қойды. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесі, әйелдер арасында «қатын күрес» ойыны, балаларға «асық» ойындары, «мешкейлер» сайысы өтті. Үлкендер қымыздан дәм татып, келелі әңгіме айтты. Іс-шара соңы «Алтыбақан» ойын-сауығына ұласты.

Айта кетейік бүгінгі өткен өткен этно-танымдық шараның толық нұсқасын алдағы уақытта «Оңтүстік» телеарнасынан және орталықтың әлеуметтік желі парақшаларынан көре аласыздар.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам