13 Желтоқсан 18:36
...

Ет пен қазақтың арасы алыстап барады

Фото:

қазандағы тоқсандық есебі бойынша, ет бағасы қымбаттаса да, 2019 жылы ел азаматтары ет жеуді азайтпаған. Бірақ 2020 жылы күтіліп отырған бағаның қымбаттауына қатысты сарапшылар келер жылы құс етіне ауысатындар саны көбірек болады деген пікірде. Баға өскен сайын ет пен қазақтың арасы алшақтай береді. Және болашақта ол тенденцияны бері бұратын ешқандай үміт сәулесі көрініп тұрған жоқ. 

Еттің қымбаттау мүмкіндігін бүгін Үкімет отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев та мойындады. Бірақ оны қадағалаушы орган басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа талаптардың күшіне енуімен байланыстырады. Азық-түлік бағасы инфляцияны бірқалыпты ұстап тұру жөніндегі Үкімет пен Ұлттық Банк жоспарын бұзуы мүмкін. Сондықтан ет және оның құны биліктің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Азық-түлік – қарқынды қымбаттап жатқан тауарлардың ішіндегі ең бастысы. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет қабырғасында тамақ бағасы шарықтап өскен өңірлерді атады. Баға Алматыда – 15,2%-ға, Атырауда – 14,9%-ға, Нұр-Сұлтанда – 14,2%-ға өскен.

Ресми статистика бойынша қазақстандықтар ең көп ет жеген уақыт 2015 жыл болып есептеледі. Онда әрбір азамат бір жылда 73,6 келі ет жеген. Енді ол рекордты жаңарту оңай болмайды. 2016-2017 жылдары бір қазақстандықтың ет жеу көрсеткіші 72,9 келіге түсті. Жылдан жылға ет жеу қарқыны азайып барады және оның басты себебі – баға.

Ет дегенде 2019 жылы ел азаматтарының таңдауы ең алдымен сиыр етіне түскен. Одан кейін фарш алады. Қой еті – үшінші орында. Төртінші орында тауық еті, бесінші орында жылқы.

EnergyPromның есебінше, етті ең көп жейтін бойдақтар болып шықты. Мысалы екі адамнан тұратын отбасы екінші тоқсанда 27 келі ет жесе, бойдақтың бір өзі 35,9 келі ет асаған. Отбасыда адам көп болған сайын, олардың да ет жеуі азая түсетін болы шықты.

Жануарлардан алынатын өнімдер кг/литріне теңге                                                                                                   .                              

 

2019/11

2019/10

2018/11

Айлық өсім

Жылдық өсім

Құс және құс фермаларының өнімдері

Жұмыртқа, ондық

287,9

271,5

261,9

6,0%

9,9%

Тауық бақайы

834,3

828,7

726,8

0,7%

14,8%

Тауық

911,2

910,2

798,0

0,1%

14,2%

Сүт өнімдері

Шикі сүт (литр)

214,2

208,0

205,1

3,0%

4,5%

Сары май, тұздалмаған

2 345,21

2 288,5

2 101,6

2,5%

11,6%

Қаймақ

1 102,1

1 088,0

1050,7

1,3%

4,9%

Пастерленген сүт (литр)

249,9

247,0

224,7

1,2%

11,2%

Өсімдік майы

992,5

985,0

903,9

0,8%

9,8%

Сыр

2 742,5

2 723,4

2473,6

0,7%

10,9%

Ірімшік

1 591,6

1 581,7

1592,4

0,6%

-0,05%

Айран (литр)

293,2

291,5

283,8

0,6%

3,3%

Ет және ет өнімдері

Сүйегі бар жылқы еті

2 015,2

1985,2

1 745,5

1,5%

15,5%

Сиыр бауыры

975,7

964,6

910,9

1,2%

7,1%

Қайнатылған шұжық

1 841,0

1 829,3

1 713,2

0,6%

7,5%

Сиыр еті, жауырын-кеуде бөлігі

1 796,8

1 787,4

1 543,1

0,5%

16,4%

Жартылай кептірілген шұжық

2 129,4

2 122,9

1 993,9

0,3%

6,8%

Май

1 664,3

1 659,3

1 513,0

0,3%

10,0%

Сүйегі бар қой еті

1 699,7

1 695,5

1 444,3

0,3%

17,7%

Шошқа еті, жауырын бөлігі

1 456,5

1 454,7

1 302,5

0,1%

11,8%

Балық, теңіз өнімдері және олардан жасалған өнімдер

Майшабақ

933,7

920,8

862,7

1,4%

8,2%

Тұздалған және кептірілген балық

1 644,6

1 631,8

1 409,6

0,8%

16,7%

Деликатеске жатпайтын балық консервілері, банкідегі

634,5

632,2

574,3

0,4%

10,5%

Nege.kz

Тегтер: