USD
USD
USD

Ет комбинаттары коронавирустың жаңа ошағына айналды

Еуропада ет өндірісінің ірі кәсіпорындары коронавирус инфекциясының жаңа ошағына айналды, деп хабарлайды Euronews агенттігі.

Ет комбинаттары коронавирустың жаңа ошағына айналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Францияның солтүстігіндеu3 Кот-д’Армор департаментінде Kermene қасапханасынан коронавирус жұқтырған 69 жаңа оқиға анықталды. Зауыттың 800 қызметкері кейін тестілеуден өтті. Луар департаментіндегі Tradival қасапханасының 54 жұмысшысы вирус жұқтырған. Жергілікті зауыт биліктің қауіпсіздік шараларын қолданғанына қарамастан, кәсірорынның техникалық жағы ескірген мәлімдеді. Германияда Төменгі Саксония жерінде ет өңдеу комбинатының 92 қызметкері коронавирус жұқтырған. Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде зауытта 150-ден астам адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Аталған кәсіпорындардың көптеген қызметкері - Румыния мен Болгариядан келген еңбек мигранттары. «Ар-намыс пен әділдік үшін» қайырымдылық қауымдастығынан Питер Коссен Ленгерх қаласындағы мигранттарға көмектеседі.

«Адамдар кішкене пәтерлерде сығылысып тұрады. Нәрестелер мен мектеп жасындағы балалар бар, мұндай жағдайда не боларын елестету де қиын. Бұл пәтерлер көбінесе жұмыс берушінің меншігінде, сондықтан мигранттар келісімшарт аяқталғаннан кейін олар пәтерден шығарылады», - деді Питер Коссен. Германия билігі бақылауды күшейтуге уәде берді және мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арқылы қызметкерлерді жалдау үшін тыйым салынады немесе шектеу қойылады. Германияның Еңбек министрі Хубертус Хайль қазіргі ахуалды «ұйымдасқан жауапсыздық» деп атап, осы салада тәртіп орнатуға шақырды. 

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров