USD
USD
USD

Ет экспорты: Бектенов ауыл шаруашылығы министрлігіне бір апта берді

Бұл жөнінде премьер-министр Үкімет отырысында мәлімдеді.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Жиында Бектенов Президенттің мал шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жандандыру туралы тапсырмасын еске салып өтті.

«Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігіне бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу міндеті жүктелді», – делінген Үкімет хабарламасында. 

Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту тапсырылды.

«Егіншілерді тікелей субсидиялау орнына жеңілдетілген несие беру тетігі өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кеткен жөн. Министрлік "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, осыған ұқсас ауыл шаруашылығын қолдау құралдарының аясын кеңейтуді жалғастыруға тиіс», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бұған дейін ірі қара мал етін экспорттауға қойылған шектеу мерзімі ұзартылғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алдап алған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов