USD
USD
USD

Ет бағасы неге қымбаттады? – Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді

Соңғы күндері ет бағасы шарықтап кетті. Мұны Ауыл шаруашылығы министрлігі немен байланыстырады? 

Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Ауыл шаруашылығы министрлігі еттің түпкі бағасының қалай қалыптасатынын түсіндірді. АШМ мәліметінше, 1 келі сиыр етінің орташа өзіндік құны 2 800–3 100 теңгені құрайды. Оған 15% көтерме үстеме қосылғаннан кейін баға 3 400–3 500 теңге деңгейінде қалыптасады.

Салыстыру үшін көрші елдердегі бағалар:

  • Өзбекстан және Тәжікстан – 6 500 теңге/кг дейін
  • Ресей – 8 500 теңге/кг дейін
  • Қытай – 8 000 теңге/кг дейін
  • Түркіменстан – 9 000 теңге/кг дейін
  • Түркия – шамамен 13 000 теңге/кг

Баға тек өзіндік құнға ғана емес, ет бөлігінің категориясына да байланысты. Бір ірі қара малдың тірі салмағынан небәрі 50-60% ет алынады. Оның ішінде:

  • 15-20% – премиум-сегмент (вырезка, рибай, кострец)
  • 40-45% – орташа сегмент
  • 25% – төменгі категория
  • 15-20% – сүйек, май мен қиқым (нарықта ет ретінде сатылмайды)

АШМ сиыр еті нарығындағы бағаның шамадан тыс қымбаттамауы үшін бірқатар шаралар қабылдап жатқанын атап өтті:

  • Мал ұстау алаңдары мен шаруашылықтарға жеңілдетілген несие беру;
  • Ет өңдеуші кәсіпорындарды қолдау;
  • Форвардтық сатып алу және интервенциялар арқылы нарықты тұрақтандыру;
  • Антимонополиялық заңнаманың орындалуын күшейту.

Сонымен қатар, министрлік баға мониторингін тұрақты жүргізіп, өңірлік әкімдіктермен және сала ұйымдарымен бірге жұмыс істеп келеді.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент