USD
USD
USD

Есірткіні орманда жасырған: Қостанай облысында күдікті әйел ұсталды

Қостанай облысында есірткіні орманда жасырып, сатумен айналысқан күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облысында полиция қызметкерлері Қостанай – Садовое тас жолының бірінші шақырымында орналасқан демалыс аймағының жанында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған 27 жастағы әйелді ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктінің есірткіні орманда жасырғаны белгілі болды. Ұсталған әйелдің тұрақты жұмыс орны болмаған және есірткіге тәуелді екені анықталды. Жеке тінту барысында одан ақ жабысқақ таспамен оралған 14 бума есірткі тәркіленді. Сонымен қатар жалдамалы пәтерді тінту барысында 44 бума есірткі, бос zip-пакеттер, 4 жабысқақ таспа орамы және электрондық таразы табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 33 грамм мефедрон және «альфа PVP» синтетикалық препараттары екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель