USD
USD
USD

Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Жетісу облысында «Қарасора - 2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдау және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Алматы – Өскемен автожолында полицейлер 65 жастағы ер адам мен оның Toyota көлігін тізгіндеген 29 жастағы ұлын ұстады. Автокөліктің салонынан 19 келі марихуана тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің ұлы есірткіні Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғынынан алғанын айтты. Кейінгі шаралар барысында күдіктінің 66 жастағы жұбайы да анықталды. Ол телефон арқылы күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Оның тұрғылықты жерінен тағы 1 келі марихуана табылды.

Облыстық прокуратурамен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде облыс аумағында жеткізуді ұйымдастырған күдікті ұсталды. Жамбыл облысындағы оның қожалығынан 10 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Барлық қатысушы қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев