Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Есірткі орамын тауып алып, өзінде сақтаған ақмолалық тұрғын 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Есірткі орамын тауып алып, өзінде сақтаған ақмолалық тұрғын 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Көкшетау қаласының тұрғыны аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полиция қызметкерлері есірткі қылмысын осы жылдың маусым айында анықтады. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, 51 жастағы Көкшетау тұрғыны тыйым салынған затты тауып, кейін оны өзімен сақтаған. Сотталушы есірткі салынған орамды жеке сектордың аумағынан тапқанын айтты. Ол есірткіні өзі қолданатындықтан, орамның ішінде тыйым салынған зат екенін білген.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген есірткі салмағы 1,14 грамнан асатын психотроптық «а–PVP» заты болып шықты.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жиынтық кестеге сәйкес алынған заттың массасы аса ірі мөлшерге жатады. Осылайша сотталушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сараланды.

Сот ақмолалықты кінәлі деп тауып, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталған адамға нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық