USD
USD
USD

«Есінен тандырып тастады» – Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін соққыға жықты (видео)

Әлеуметтік желіде Алматыда 3 жолаушының автобус жүргізушісін ұрып жатқан видеосы тарады.

Автобустағы төбелес
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, 3 ер адам автобус ішіндегі басқа жолаушыға күш көрсете бастаған. Айқай-шуды естіген жүргізуші автобусты тоқтатып, бұзақыларды тыныштандырмақ болған. Олар қастарына келген автобус жүргізушісін ұрып, сыртқа сүйреп алып шыққан. Соққының астында қалған жүргізуші есінен танып қалады. 

Сол сәтте үшеуі жай ғана қашып кеткен. Жүргізуші есін жинап, бетін жуып, ары қарай автобус жүргізуін жалғастырған. 

Алматы қаласының Полиция департаменті аталмыш жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қақтығысқа қатысушылардың кім екені және алдын ала мән-жайлар анықталды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас