USD
USD
USD

Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді - Қазгидромет

Есіл өзенінде су деңгейі әлі де көтеріліп келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты.

Канал
Фото: arbatmedia.kz

Алматы, NEGE. «Солтүстік және оңтүстік циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліністер Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы, жаңбырлы ауа-райын тудырады. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, Ақмола облысындағы Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 12 сағатта 21 см-ге көтерілген. Ал Петропавл қаласында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды.

Су деңгейі тәулік ішінде 144 см-ге артты. Ал Долматово ауылы тұсында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі тәулік ішінде 135 см-ге көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова