USD
USD
USD

Есікті майыстырып жіберген: Жетісу облысында аш аю қонақ үйге кірмек болған

Жетісу облысында Тянь-Шань қоңыр аюы Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орналасқан қонақ үйге кіруге әрекеттенген.

Аю
Фото: instagram.com/zhongar_alatau_kz

Астана, NEGE. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Куәгерлер түсіріп алған видеоға қарағанда, аш аю қонақ үйге кірмек болып аласұрғанда темір есікті бұйым құрлы көрмеген секілді, сыртқы есік ішке қарай майысып кеткен. 

Көп ұзамай Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері видеодағы аюдың әрекетін түсіндіріп берді. Олардың мәлімдеуінше, бұл жағдай Аттапқан шатқалында орналасқан ұзақ мерзімді жалға алушы серіктестік аумағында тіркелген.

«Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын аңдардың қатарына жатады. Алдын ала мәлімет бойынша, аю аталған аумаққа тамақ иісін сезіп келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», – делінген табиғи парктің желідегі ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде.

Бұл ретте парк өкілдері жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды тамақтандырмауды және парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмауды өтінеді. Сондай-ақ мамандар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс