Ескі қолсағатының қазіргі бағасын естіген адам шалқасынан түсті
АҚШ-та антиквариат көрмесіне келген адам 1974 жылы 345 долларға сатып алған Rolex қолсағатының қазір қанша тұратынын естігенде шалқасынан түскен.
Алматы, NEGE. Сарапшы бұл сағат қазір аукционда 400 мың долларға бағаланатынын айтыпты. Ал сағатты мұқият тексерген соң, оның бағасы тағы өсіп, 500 мыңнан 700 мың доллар аралығында бағаланған.
Қымбатқа түскен сағатты жұмысқа тағуға обалсынған ер адам оны 40 жылдан астам уақыт сейфте сақтап келген. Тіпті оның құжаттары мен қорабы, сатып алған чегін де жоғалтпаған. Өте жақсы жағдайда сақталған бұл сағаттың құны 46 жылда 2 мың есеге өсіп кеткен.