USD
USD
USD

Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында журналистердің ескертуге қарамастан Таяу Шығыс елдеріне кеткен Қазақстан азаматтарына қатысты сұрағына жауап берді.

Әлібек Қуантыров
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Оның айтуынша, қазіргі таңда қақтығыс аймағында болған қазақстандықтардың басым бөлігі эвакуацияланған.

«Жағдай күн сайын өзгеріп жатыр, эвакуацияға өтініш берушілер саны көбеюде. Әрине азаматтарға алдын ала ескерту жасалды. Соған қарамастан БАӘ-ге кеткен бірнеше жүз адам жауапкершілікті өз мойнына алады», – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол ескертулерді елеместен қауіпті аймаққа кеткен қазақстандықтарға айыппұл салынбайтынын айтты.

Айта кетейік, 11 наурызда Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс аймағынан 9517 қазақстандық елге қайтарылғанын, Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шаралар аяқталып келе жатқанын хабарлады. 

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер