Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ескерту жарияланды

Бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 6 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

6 қазанда күндіз Петропавлда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

6 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Солтүстік-бытыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

6 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан, жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

6 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ертең түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.

6 қазанда Шымкентте солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 6 қазанда Түркістан қаласында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

6 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі