USD
USD
USD

Ескерту: Төрт облыс аумағында жел күшейеді

Ертең еліміздегі 4 облыс аумағында жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ескерту: Төрт облыс аумағында жел күшейеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 9 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с болуы ықтимал. Петропавлда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

9 қараша Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда ертең таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. Синоптиктердің ескертуінше, ертең Алакөл маңында жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова