Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ескерту: Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

 Алматы облысындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі.

Ескерту: Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды. Синоптиктердің хабарлауынша, 17-19 шілде аралығында таулы жерлерде жаңбыр жауады. «Осыған байланысты Алматы облысының таулы аудандарында беткейде ағын қалыптасады және өзендерде су деңгейі көтеріледі», - делінген хабарламада. Айта кетейік, 14 шілде күні Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер жаңбырдан кейін қатты сел жүрген болатын. «Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ жауып, салдарынан балшық ағыны жүріп өтті.

Осыған байланысты Көксу орман шаруашылығының бірінші кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. Күн райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын ауа райындағы өзгерістерді бақылап, сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: 10 күн ішінде вице-президент кім болатыны айтылады

вице-президент

Құрылтай депуттарын сайлауда билік өкілдері мен партия жетекшілері дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Құрылтай сайлауында түске дейін 4,6 млн азамат дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауы