Ескендір Хасанғалиев 80 жасқа толды

Бүгін ҚР Халық әртісі, әнші, композитор, қазақ ән өнерінің мэтрі Ескендір Хасанғалиев 80 жасқа толды.
Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Лирикалық баритон 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ.
Композитор халқымыздың ән өнеріне зор үлесін қосып келеді. Оның репертуарындағы авторлық туындылары көпшіліктің оң бағасын алған. Осы уақытқа дейін қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне көптеген ән жазды. Сонымен қатар 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармаларды ұсынды. Қазақ халқының Ескендір Хасанғалиевке деген құрмет-қошеметі қашанда ерек.
Айта кетейік, Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның екі қызы мен бір ұлы бар. Бүгінде балалары мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып жүр. Немере мен шөбере сүйіп отырған Хасанғалиевтар әулиеті көпке үлгі.