USD
USD
USD

Есірткінің 1 грамы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді

«Спайс» пен «мефедронның» 1 грамы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұрын қылмыстық іс 50 грамнан ғана басталатын.

Есірткінің 1 грамы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында өткен брифингте Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев есірткі саудасына қатысты қылмыстардың жазасы қалай қатаңдатылғанын баяндады.

«Жақында ғана синтетикалық есірткінің тағы 11, прекурсор 17 жаңа түрінің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген Үкіметтің қаулысы күшіне енеді. Сондай-ақ, «пиралерон» (жылдамдық), мефедрон (меф) және синтетикалық каннабиноидтың (спайс) заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Бұрын қылмыстық іс қозғау үшін тәркіленген есірткі заттың мөлшері 50 грамм болуы керек болса, енді бір грамнан басталатын болды», - деді басқарма бастығы.

Сондай-ақ, қыркүйек айының соңында Премьер-Министрдің орынбасарының қатысуымен өткен жиында айтылған есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері «Маусым айында Үкімет адам өмірі мен денсаулығына зияны күшті заттардың тізімін бекітті.

Оның қатарына қазақстандық жастар мен жасөспірімдер «эйфория эффектісі» үшін қолднауы мүмкін бірқатар медициналық препарат енгізілді. Қолданыстағы заңнама бойынша медициналық препараттар мен өзге де заттарды қолдану арқылы еліктіргіш притондар ұйымдастыру және ұстау фактісі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірлеуге кірістік. Қылмыстық кодекстің 310-бабы осы мәселеге арналған.

Сондай-ақ, әсері күшті заттардың контарабандасы бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабы қарастырылған.

«Қазір Парламентпен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге әсері күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірленіп жатыр. Оның ішінде аталмыш заттарды медицинадан тыс пайдалану, сақтау және тарату әрекеттері де қамтылған», - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда темір жол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік