USD
USD
USD

Есірткіге мас күйінде көлік ұрлаған күдікті Ақтөбеде ұсталды

Орал қаласынан көлік ұрлап, Ақтөбеге келген күдіктіні полиция қызметкерлері ұстады.

Есірткіге мас күйінде көлік ұрлаған күдікті Ақтөбеде ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның есірткіге мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Ақмола облысында қарасора өсірген екі тұрғын ұсталды ШҚО-да полиция бекетінен есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды Ақтөбеде мониторинг тобы бірнеше тойды тоқтатты Арқалық тұрғындары түн ішінде бірден екі көлікті тонаған Оқиға 6-тамыз күні тіркелді. «Самара-Шымкент» тасжолында кезекшілік еткен Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Оралдағы әріптестерінен хабарлама алды.

Хабарламада БҚО-да «Toyota Estima» автокөлігінің ұрланғаны және Ақтөбеге қарай бет алғаны туралы айтылған. «Полицейлер аталған көлікті тас жолда байқап, көп ұзамай тоқтатты. Көлікті 39 жастағы жүргізуші басқарған. Оның жағдайы күдік тудырып, сараптама жүргізілді. Ер адамның есірткіге мас күйінде рульге отырғаны белгілі болды. Әкімшілік хаттама толтырылғаннан кейін күдікті мен автокөлік БҚО ПД полиция қызметкрлеріне тапсырылды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas