Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Есірткіге еліріп, көлік айдаған

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 маусым күні кешкі сағат 17.30-да патрульді полиция қызметкерлері қаладағы Кірпіш зауыты аумағында ВАЗ-2109 көлігін тоқтатқан. Оны 23 жастағы жүргізуші басқарған.

Есірткіге еліріп, көлік айдаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Тексеріс барысында жүргізуші өз еркімен полицияға спецификалық иісі бар, оралған қағаз берген. Оның ішінде қою жасыл түсті зат болған. Сараптама барысында жүргізуші есірткі шегіп, көлік жүргізгені анықталды. Сондай-ақ, оның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны да белгілі болды", - делінген хабарламада.

Тіркелген факті негізінде ҚР қылмыстық кодексінің 346 бабы 1-тармағы ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйде көлік құралын басқару") және 296 баптың 2-тармағы бойынша ("Есірткі, психотропты және сол тектестер заттарды өткізу мақсатынсыз жұмыс істеу") сотқа дейінгі тергеу басталды. 23 жастағы жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, 13 маусымда мас күйде көлік басқарған жүргізуші қолға түсті.

"Кривое озеро" жағажайында ВАЗ-2109 маркалы көлік тоқтатылды. Оны 31 жастағы жүргізуші басқарған. Ол мас болған және көлік жүргізу құқығынан айырылған. Жүргізуші Ақтөбе қаласы полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тіркелген факті негізінде ҚР қылмыстық кодексінің 346 бабы 1-тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтау

Семейде стадион аумағынан табылған адам сүйегі 8 жыл бұрынғы құпияны ашуы мүмкін

Жоғалған адам

«Әншілер – шайтанның азаншысы»: Жетісайдағы тойдан кейін қылмыстық іс қозғалды

қылмыстық іс

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы