USD
USD
USD

Есірткі зертханасын ашқан екі қыз ұсталды

Тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтанда Family Village саяжай қалашығындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткі өндіріп, сатумен айналысқан екі қызды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі зертханасын ашқан екі қыз ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, жалдамалы үйді тінту кезінде 1 218 синтетикалық "экстази" препараты, екі келі "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісі және 140 литрден астам прекурсор және үй жағдайында есірткі дайындауға арналған түрлі зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.

«Ұсталғандар бір жылдан астам уақыт бойы синтетикалық есірткі дайындап, оны Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан. Таяуда ғана 1,2 келі мефедронды қала сыртында екі жерде жасырғаны белгілі болды. Олар қосымша тергеу әрекеті барысында тәркіленді. Алынған синтетикалық есірткілердің жалпы салмағы 3,84 келі», – делінген хабарламада.

Ұсталғандардың бірі Ресей Федерациясының тумасы. Қазіргі уақытта айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерін құжаттау, сондай-ақ, басқа да қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.