Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Есірткі затын заңсыз сақтаған адам 4 жылға сотталды

Шымкенттік тұрғын есірткі затын заңсыз сақтаған.

Есірткі затын заңсыз сақтаған адам 4 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкенттік тұрғын саябақтардың бірінде серуендеп жүріп, полиэтилен пакетіне оралған өзіне тән хош иісі бар, дәріге ұқсас зат тауып алады. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат бұл затты тез арада полицияға өз еркімен өткізбестен, алдағы уақытта оны тұтыну немесе сату мақсатында өзіне қалдырған.

«Арада уақыт өте жолда белгісіз азаматтармен жанжалдасу барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы ажыратып, ерегіскен азаматтарды полиция басқармасына жеткізеді. Ер адамдардың жеке басын анықтау барысында бірінен 32 дана полиэтилен пакетіне оралған өзіне тән хош иісі бар психотропты затқа ұқсайтын зат анықталып, тәркіленеді. Тиісті сараптама қорытындысымен қалташалардағы заттың салмағы 16 граммға жуық болатын психотропты зат пирролидиновалерофенон екені дәлелденді», – делінген мәліметте. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындаған. Аталған дерек бойынша ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі