Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Есірткі саудасымен айналысқан аспаздар ұсталды

Алматыдағы танымал мейрамхана аспаздары есірткі саудасымен айналысқан. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті.

Есірткі саудасымен айналысқан аспаздар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бірнеше апта жедел ақпаратты тексердік. Күдіктілердің қылмыстық әрекеті расталды.

«Гашиш» сатқан элиталық мейрамханалардың бірінің аспазы 1973 жылы туған М. есімді азамат жұмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында екі сіріңке қорапшасынан және сығымдалған гашиш салынған дөңгелек бумадан есірткі заты табылды», – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Сонымен қатар, тексеру барысында есірткі сатумен айналысқан 42 жастағы аспаз-әйел анықталды. Д. есімді азаматшаның үйінен ұнтақ зат салынған пакет табылды, оның шынайы есірткі екені сот-химиялық сараптама арқылы дәлелденді.

Екі дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример