USD
USD
USD

Есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-да ұсталды

Алматы, NEGE. 

Есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-да ұсталды
Фото: NEGE.kz

Шығыс Қазақстан облысында есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Үржар ауданының тәртіп сақшылары ресейлік құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 48 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ресей Федерациясының азаматы 2013 жылдан бері есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

«Қылмыскер ауылдағы туысының үйінде жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері одан жауап алып жатыр», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жалпы өңір полицейлері «Іздестіру» жедел-алдын алу шарасы барысында іздеуде жүрген 29 қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 16 адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған 5 баланың орналасқан жері анықталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары