USD
USD
USD

Есірткі сатушылар ұсталды

Елорда аумағында жүргізілген арнайы операция барысында қалада есірткі сатумен айналысып келген 2 адам ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті.

Есірткі сатушылар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Есірткі заттарын жеткізу арналарын және қылмыстық топтардың іс-әрекетін жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында есірткі затын сату үстінде 36 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінің ауласын тінту барысында гашиш есірткісі буып-түйілген 8 полиэтилен шағын пакет, ал үйінен салмағы 600 грамм гашиш салынған екі полиэтилен пакет табылды», – делінген ведомство ақпаратында.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері саяжай аумақтарының бірінде елордаға есірткі жеткізуші 50 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Үйін тінту барысында сатуға дайындаған жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрайтын каннабис шайыры салынған 50 сіріңке қорабы тәркіленді. Екі күдіктіден тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1,5 келіні немесе 3 500 реттік доза гашишті құрайды.

«Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізілуде», – деді департаменттен.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян