USD
USD
USD

Есірткі сатты деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды.

Есірткі сатты деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков