USD
USD
USD

Есірткі сатпақ болған ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі сатпақ болған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Ол өзінің арызында белгісіз бір азамат өзіне есірткі затын сатпақ болғаны жайлы көрсетеді.

Осы жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері күдіктіден 50 грамнан астам “марихуана” тәркіледі.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз есірткі сақтап, өсірген, сатқандарға қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады. Егер сіз есірткіге қатысты мәселеге тап болсаңыз немесе осы салада қылмыс жасауға байланысты ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның “102” телефоны бойынша хабар беріңіздер.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны