USD
USD
USD

Есірткі сатпақ болған ағайындылар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында есірткі сатпақ болған ағайындылар ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Есірткі сатпақ болған ағайындылар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қарасора-2020" жедел-профилактикалық шарасы аясында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция өткізген.

"Ағасы мен інісі заңсыз бизнес құрған. Олар еліміздің оңтүстігінен Шығыс Қазақстан облысына есірткі жеткізген. Арнайы операция барысында қылмыс ашылды. Тәртіп сақшылары 15 миллион теңгенің гашишін тәркіледі", - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдіктілер ескірткіні Алматыдан Өскеменге жеткізу үшін логистикалық компаниялардың қызметін пайдаланған. Арнайы операция барысында ағайындылар ұсталған. Олардан 157 полимер орама тәркіленді. Тексеріс барысында оның гашиш екені анықталды. 

"Үш адамның есірткіні жеткізу және оны сатуға қатысы бар екені анықталды. Олар қамауға алынды. Күдіктілерден 7,5 келіден аса гашиш есірткісі тәркіленді. Оның шамамен 1,5 мың дозасын яғни 15 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған", - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Полицияның мәліметінше, арнайы операция барысында 1977, 1979 және 1980 жылдары туған ер адамдар ұсталды. Егер олардың кінәсі сотта дәлелденетін болса, 15 жылға сотталуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк